Осы оқушылардың мінез-құлық Ережесі Ақтөбе қаласының №77 жалпы білім беретін орта мектепте оқитын оқушыларға арналады және орындау міндетті болып табылады. Оқушылардың тәртіп ережелері ҚР-ның «Білім беру туралы» Заңы, білім мекемелерінің типтік ережелері және №56 жарғысына сәйкес құрылған Оқушылардың құқығы мен міндеттері: 1.1. Мектеп оқушылары құқылы: Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес тегін білім алу Білім беру мекемесін, білім алу түрлерін таңдау, басқа класқа немесе басқа білім беру мекемесіне ауысу Мектеп жұмыс тәртібі көрсетілген құжаттармен және мектеп жарғысымен танысу Білім алу процесінде тегін мектеп материалдық техникалық базасымен, кітапханалық қормен тегін пайдалану Қосымша (сонымен қатар ақылы оқу) Мектеп, класс басқаруына қатысу Адам құндылықтарды құрметтеу, өз пікірі мен көзқарасын еркін білдіре алу Оқу жоспарына белгіленбеген шараларға қатысу Білім беру бағдарламасымен қарастырылған еңбекке қатысу Түрлі қоғамдық ұйымдарға мүшелікке кіру Білім алуға және денсаулығын нығайту 1.2. Мектеп оқушылары міндетті Мектеп жарғысын, оқушылар ережесін, директор бұйрықтарын өзін басқару органдарының шешімдерін орындау Мектеп жұмысшыларының басқа оқушылардың ар-намысы, құқығын құрметтеу, кішілерге қамқор болу Класс, мектеп бойынша кезекшілікке, өзіне қызмет ету еңбегіне қатысу Мектепте және мектептен тыс қоғамдық тәртіпті сақтау, талаптарды орындау Уақытында сабаққа келу, жұмыс орнында тәртіп сақтау, оқуға саналы түрде қарау Мектеп мүлкін сақтау. Басқа адамдардың еңбегін құрметтеу Электр энергиясын, суды және т.б үнемді пайдалану 1.3. Мектеп оқушыларына тиым салынады: Қару, алкогольдік ішімдік, темекі, наркотикалық заттарды қолдану, әкелу немесе тарату Суық қаруды спирттік ішімдіктерді, темекі өнімдерін, есірткілік және токсикологиялық өнімдерді әкелуге және қолдануға, өзгелерге беруге Жарылыс және от туғызатын кез-келген өнімді пайдалануға Дене күшін пайдаланып бопсалауға немесе арадағы кикілжіңдерді шешуге Айналасындағылардың жеке өзінің өміріне қауіп төндіретін кез-келген әрекеттерге баруға Мектеп мұғалімдерімен, қызметкерлерімен, оқушылармен қарым-қатынас барысында дөрекі сөздерді пайдаланып, балағаттауға Өрт және жарылыстарға соқтыратын заттарды қолдану Күш көрсетуге, қорқытуға, ақша сұрауға Айналасындағыларға қауіп төндіретіндей әрекеттер жасау Мектеп оқушыларына жалпы талаптар Әрбір оқушы мектепте тәртіп ережесін сақтауға міндетті: 2.1.Жалпы талаптар: Оқу уақыты сабақ кестесімен белгіленеді Оқушылар мектепке сабақ басталмас бұрын (10-20мин) келеді, сабақ кестесінде көрсетілген дәрісханаға барады. Мұғалім рұқсатымен жұмыс орнына отырып сабаққа керек барлық оқу құралдарын дайындайды. Әр дүйсенбі сайын ҚР-ның әнұранын орындайды Күн сайын сабақ алдында физминутка жасалады 15 минутқа кешіккен оқушы 1-ші қабатта келесі сабақтың басталуын күтеді Оқушы киімі мектеп формасына сәйкес келуі керек. Ұялы телефон, ақша және т.б құнды заттарды қараусыз қалдырма, мектеп жауапкершілігіне алмайтындығын ескертеміз Оқушыларға оқу барысында мұғалімдердің рұқсатынсыз мектептен кетуге болмайды. Мынадай жағдайларда кетуге болады: аурып тұрсаң(мектеп медбикесі, класс жетекші, пән мұғалімі шешімі бойынша) ата-ананың өтініші бойынша (жазбаша түрде), класс жетекшімен мектеп әкімшілігінің рұқсатымен Мектепке келмеген жағдайда оқушы класс жетекшісіне дәрігерге анықтама қағазын немесе ата-анадан оқушының келмеу себебі туралы анықтамасын әкелу. Себепсіз сабақтан қалу мектеп жарғысын бұзу болып есептеледі. Оқушылар бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болу, өзара және үлкендермен сыпайы сөйлесу, дөрекі сөздер айтпауы керек. Боз балалар мен жігіттер үшін 8-11 класс классикалық бір түсті көк костюм, ақ көйлек күрең түсті галстук көк жиектемемен, 5-7 класс көк шалбар, күрең түсті жакет көк жиектеме мен күрең түсті галстук көк жиектеме мен классикалық қара түсті алмастыратын туфли, классикалық шаш үлгісі Қыз балалар шаштарын босатпай, арнайы байлағышпен жинап жүруі қажет. 1-11 класс оқитын қыз балалар шаштарына мәндетті түрде бантик тағып жүруі тиіс Мектепішілік іс-шараларда оқушылар шараға сай киім үлгісімен келеді, ал мерекелік іс-шараларға өз таңдауындағы киім үлгімен келеді. Дене шынықтыру сабағының киім үлгісі 1-4 класс оқушыларында қыз балаларға ақ футболка , қара түсті лосины, ер балараға ақ футболка, қара трико немесе шорты. 5-11 класс оқушыларына ер балалар футбол командасының киім үлгісі (класс жиналысының шешімі бойынша) қыз балалар ақ футболка және сұр трико немесе лосины және ақ табанды ақ кеды Технология сабағында ер балаларда алжапқыш, ал қыз балаларда алжапқыш пен бас киім болуы тиіс Оқушылардың мектеп ішінде сырт киіммен және лас аяқ киіммен жүрулеріне тыйым салып , күн сайын тазалықты қадағалау керек. Терезе жақтауына киім, сөмке, пакет және т.б заттарды қоюға тиым салынады. Рұқсат етілмейді: дене мүшелері ашық киімге, хиджаб киюге орамал тартуға ашық және көзге түсетін косметика қолдануға, пирсинг, әшекейлер қолдануға тыйым салынады. Киім тапсыратын орынға киімнің қалтасына қымбат бағалы заттар қалдыруға тыйым салынады. Ер балалар үшін әшекейлік бұйымдар тағу тыйым салынады. Класс жетекшілердің бірлестік отырысында және әкімшіліктің қабылданған қаулысы бойынша бастауыш орта және жоғары буындарда бірыңғай мектепішілік мектеп формасы қабылдануы мүмкін Тәртіп ережесін бұзған оқушылар сабаққа уақытша жіберіледі, тәртіп бұзушылық туралы мектеп әкімшілігіне және ата-аналар назарына қойылады.Тәртіп бұзушылық қайталанған жағдайда оқушы сабаққа жіберілмейді, ата-аналары назарына қойылады. Тәртіп бұзушылық қайталанған жағдайда оқушы сабаққа жіберілмейді, ата-аналары мектепке шақырылады. Мектепішілік есепке қоюға төмендегідей оқушылар жатады: 1. Мектеп ережесін бірнеше рет бұзған оқушылар 2. Оқушыларға арналған ер ежені бұзатын (сабақты себепсіз қалдыратын , алколгольді сусындарды және де баска денсаулыққа зиянды заттарды пайдаланатын, сабаққа кедергі келтіретін, бұзақылыққа бейім оқушылар)алынады. 3. Сабақтан тыс уақытта құқық бұзушылықпен айналысқан және кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер ісімен айналысатын ұйымның есебінде тұрғандар. Ұялы байланысты қолдануға қолданылатын талаптар: 1. Мектепте оқушылардың ұялы байланысты қолдануда техникалық қауіпсіздік жайлы шарттарды ескеріп талаптар қабылданбады. 2. Оқушыларға ұялы телефонды тек байланыс (жай ұялы телефондар) үшін қолдануға рұқсат етіледі.Сурет қарауға видео,музыка тыңдауға, фото, видео түсіруге тыйым салынады. 3. Оқушыларға мектеп ауласында ұялы телефон(смартфон) қолдануға тыйым салынады. Сабақ кезінде телефон сөнулі болу керек. 4. Оқушылар қойылған талаптарды бұзған жағдайда тедефон ата-анаға беріледі. 5. Мектеп аумағында жоғалған ұялы телефондарға мектеп жауапты емес. Мектептегі оқушылардың жүрісіне қойылатын талаптар: 1. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқушылардың мектепте жүру ережесі қабылданды. 2. Оқушылар баспалдақтың оң жағымен көтерілуге міндетті, өйткені төмен түсіп келе жатқан қарсы адамға кедергі жасамау керек. 3. Оқушылар мектепке кірерде немесе мектеп ішінде кездескен мұғалімдер, директор, директордың орынбасарлары, мектеп қызметкерлері, қонақтар, ата-аналармен амандасуға міндетті. 4. Мектеп ішінде, дәлізде мекеме ішінде жүгіруге тыйым салынады. Асханада қойылатын талаптар: 1. Жеке гигиена ережесін қатаң сақта. Асханаға сырт киіммен немесе лас аяқ киіммен кірме 2. Тамақ ішер алдында міндетті түрде қолыңды жу. Өз денсаулығыңды күт. 3. Өзіңе және қасыңда отырғандарға астың дәмді болуын тіле. 4. Денсаулығың мен өмірің үшін тамақ ішіп отырып сөйлеу немесе ойнау қауіпті екенін есіңе сақта 5. Тамақ ішіп болған соң ыдысыңды міндетті түрде жина. Аспазшыға рахметіңді айтуды ұмытпа