«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «№77 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕКТЕП МАҚСАТЫ

Жаңартылған білім беру аясында оқу-тәрбие, әдістемелік жұмыстарды жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыра отырып, мұғалімдердің педагогикалық біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру, оқытудың тиімді стратегиясын қолдануға ықпал ету

Педагогтерді конкурстік негізінде жұмысқа қабылдау жүргізілетіндігін хабарлаймыз!

Ақтөбе қаласы «№77 ЖББОМ» КММ-не педагогтерді конкурстік негізінде жұмысқа қабылдау жүргізілетіндігін хабарлаймыз: Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпанындағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №259 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары –Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы №343 бірлескен бұйрығының талаптарына сай өткізіледі. Мектепке қажетті бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz», мектептің инстаграмм «77_mektep» және 77mektep.edu.kz сайты, фейсбук парақшаларынан көруге болады. Мектептегі бос лауазымдар: Тәрбиеші -1 орын (1 бірлік, уақытша) Конкурсқа құжаттар қабылдау хабарландыру жарияланған күннен 7 жұмыс күн ішінде жүргізіледі. Уақыты:16.09.-25.09.24ж. Конкурстық комиссияның қорытынды Қағиданың 159-тармағына сәйкес 5 жұмыс күні аралығында өткізіледі. Мекен-жайы: Астана ауданы, Құрашасай елді мекені 453Б , «№77 ЖББОМ» КММ Эл.пошта: 77-mektep@aktgoroo.kz Тел.нөмері: 87132411010.

Сіздің пікіріңіз